Ақтөбе облысында мыңға жуық көлік қар құрсауында қалып кете жаздады

Ақтөбе облысын осымен үшінші күн қатарынан қарлы боран орауда, осыған байланысты полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаппай жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері жолдардағы тәртіпті қадағалап, 1000-ға жуық автокөлікті ертіп жүрді.
"Біз жүргізушілерді жолда мұқият болуға, көліктерінің техникалық жағдайын тексеруге және ауа райының қолайсыздығы кезінде алыс жолға шықпауға шақырамыз", делінген хабарламада.
Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және кей өңірде жауын-шашын жауатынын болжады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript