Ақтөбе-Астрахань тас жолында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалып кеткен
Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары автокөліктер колоннасын Атырау облысының шекарасына дейін сүйемелдеп алып жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 қаңтарда қалың қар мен көктайғақтың салдарынан сағат 23:00-ден 9:00-ге дейін Ақтөбе-Астрахань республикалық автожолында Байғанин ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді.
"Қолайсыз ауа райы жағдайында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етті. 15 қаңтарда таңертең полиция қызметкерлері Атырау облысына қарай 100-ден астам автокөлікті сүйемелдеп алып жүрді", делінген өңірлік полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript