Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жабылған тас жолдарда 700-ден астам көлік қалып кеткен

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 14:21 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қолайсыз ауа райына байланысты жабылған тас жолдардағы 700-ден астам жүк және жеңіл автокөліктерден тұратын 5 автоколоннаны өзімен ертіп алып шыққан Ақмола облысының полицейлері межелі жеріне сәтті жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік жасақтар жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайға (қар, көктайғақ, жаңбыр) байланысты жабылған тас жол учаскелерінде қалып кеткен 770 көлік құралын, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарын бірнеше бағытта ертіп жүрді.

Көліктер қалып кеткен жабық тас жолдар мыналар: Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі Екатеринбург – Алматы халықаралық маңызы бар трассалар, Қостанай қаласының шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскке дейінгі Астана - Петропавл Республикалық маңызы бар трассалар, Жезқазған – Петропавл, Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідерті.

"Қазір ауа-райына байланысты бірқатар автожолдар жабық. Жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаны ескеруді, елдімекендерден тыс жерлерге бармауды сұраймыз". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, бүгін Астанада қар жауды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: