Самара – Шымкент тас жолында шетелдіктер мінген көлік қар құрсауында қалып кеткен

8 ақпанда түнде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында "Самара-Шымкент" тас жолының 850 шақырымында жолаушылары бар үш жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қар құрсауында қалып кеткен көліктер ішінде 14 адам, оның ішінде Өзбекстан Республикасының екі азаматы болған.
"ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.
Сенбіде синоптиктер Астанада, Шымкентте және 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript