Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 11:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жылғы 9 қыркүйекте Марат Әшім жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, ол ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Марат Кенжеғалиұлы Әшім

1987 жылы Алматы қаласында туған.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежелерін алған.

2010 жылы халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

2008-2009 жылдары жеке компанияда заңгер болып қызмет атқарған.

2009 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің референті, сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің сектор меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2023 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Бұған дейін Қуанышбек Есекеевтің Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: