Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшісін тағайындады

Президент жарлығы, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 10:26 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елші жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: