Павлодарда қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 14:49 Фото: Zakon.kz
Павлодар облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тергеу мәліметінше, 1 маусымнан 10 шілдеге дейін күдіктілер Тik-Тok әлеуметтік желісінде жалған жарнамалар жариялап келген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары анықталды. Олар – Павлодар қаласының 17 және 19 жастағы үш тұрғыны.

Жастар әлеуметтік желі арқылы ұялы телефондарды сату жөнінде хат алмасулар жүргізіп, алданған азаматтардың қаражатын дропперлердің есепшоттарына аудартып отырған.

Қазіргі таңда олардың әрекетінен еліміздің әр өңірінде тұратын 18 жәбірленушіге залал келгені белгілі болды.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар бұлтартпау шарасы ретінде келу міндеттемесін алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: