Ақтөбеде масаң күйде жанжал шығарған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 15:02 Фото: Zakon.kz
1 қыркүйекте Мәртөк ауданының тұрғыны алкогольдік масаң күйде өз үйінде жанжал шығарып, отбасы тыныштығына қауіп төндірді.

Ер адамның әрекеті отбасылық жанжалға себеп болып, жұбайының қауіпсіздігіне қатер әкелген. Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 40 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Қазіргі уақытта ол көше тазалау жұмыстарына қатысуда. Еске сала кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасында әкімшілік жаза түрі ретінде қоғамдық жұмыстар енгізілді.

Бұл шара ұсақ бұзақылық пен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтарға айыппұлдың баламасы ретінде қолданылады.

Айта кету керек, қоғамдық жұмыстар құқық бұзушының келісімімен ғана тағайындалады. Ал егер азамат бұл міндеттен жалтарса, оған қосымша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: