Семейде кәріз құдығында тұншыққан екі жұмысшыны тұрғындар аман алып қалды

Семейде кәріз құдығында тұншыққан екі жұмысшыны тұрғындар аман алып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 16:18 Сурет: pixabay
Семейде кәріз құдығына түскен екі жұмысшы ажал аузынан аман қалды. Шұңқыр ішіндегі улы газға тұншығып есінен танып құлаған қос қызметкерді құтқаруға көшедегі тұрғындар көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға Абай облысы сотының алдында болды. Үш жұмысшы жылу қазандығының камерасын тексеруге барған. Сөйтіп коммуналдық қызметкерлердің екеуі 2,5 метр тереңге түскен. Сол сәтте, 54 және 56 жастағы қос жұмысшы есінен танып қалған. Ал сыртта тұрған әріптесі оларды құтқару үшін төңірегіндегі жұртты жанұшыра көмекке шақырған.

Осылайша қалың ел болып, газға уланған екеуін ажалдан аман алып қалды. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Қазір полиция қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізу үшін еңбек инспекциясына құжат жолдады.

Бұған дейін Ташкентте анасының қолынан 7 жастағы қыз қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: