Маңғыстаудағы жантүршігерлік ЖКО: ІІМ арнайы әуе бортын жіберді

Маңғыстау облысына Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы авиациясының борты ұшып шықты. Оның ішінде қаза тапқандардың туыстары бар, олар мәйіттерді тану және өзге де қажетті рәсімдерден өту үшін жеткізілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 13:48 Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысына Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы авиациясының борты ұшып шықты. Оның ішінде қаза тапқандардың туыстары бар, олар мәйіттерді тану және өзге де қажетті рәсімдерден өту үшін жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 12 қыркүйекте ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

"Осы әуе борты қаза тапқандардың мәйіттерін олардың тұрғылықты өңірлеріне жеткізу үшін де пайдаланылатын болады. Қайтыс болғандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысының тұрғындары болса, біреуі Астана қаласында тұрған. Бұл іс-шара марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету мәселелерін жедел шешу үшін ұйымдастырылды. Оның ішінде мәйітті тану рәсіміне қатысу, оларды тасымалдау және кейін жерлеу рәсімін ұйымдастыру бар", – деді Шыңғыс Әлекешев.

Маңғыстау облысында 11 қыркүйекте жолаушылар микроавтобусы қатысқан ірі жол апаты болды. Қайғылы жағдай Қарақия ауданы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде орын алды. Апат салдарынан 10 адам қаза тапты. Олар Бекет-Атаға зиярат етуге жол тартқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: