БҚО-да жылқы ұрлаған күдіктілер қылмыс орнында ұсталды

БҚО-да жылқы ұрлаған күдіктілер қылмыс орнында ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2025 13:35 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары еркін жайылымнан 11 жылқыны ұрлаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған сәтте күдіктілер ұрланған малды сойып жатқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында күмән туғызған азаматтардың бірінің үйіндегі қора-жайдан тағы 7 бас мал табылды.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша:

"Төрт жылқы ұсталған сәтте сойылып қойған. Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеден асады. Тәркіленген ет пен қалған жылқылар заңды иесіне қайтарылды".

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше қырғызстандық азамат ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: