Тоқаев БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасымен кездесті

Тоқаев БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 17:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, пезидент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Тоқаев БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 17:01

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.

Бұған дейін мемлекет басшысының Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: