Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдап, оны жоғары дәрежелі орденмен марапаттады , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 15:31 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, президент еліміздің діндер арасындағы диалогты дамыту бастамасына ұдайы қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді.

"Президент 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанның бастамасы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор ықпал ететінін айтты",- делінген Ақорда ақпаратында.

Сурет: akorda.kz

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанадағы дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалап, еліміздің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: