Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысын қабылдады

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 17:35 Сурет: Ақорда
9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін UNWTO делегациясына және Зураб Пололикашвилиге ризашылығын білдірді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент бұл ауқымды іс-шара халықтар арасындағы достықты нығайтуға, Қазақстанның имиджін ілгерілетуге, еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйыммен тығыз ынтымақтастыққа бейілді және туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу, Астана, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 17:35

Сурет: Ақорда

Бас хатшы Зураб Пололикашвили қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді

Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел экономикасын дамытуға жол ашады.

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңейту перспективасы талқыланды. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: