Ішкі істер министрлігі шетелдіктерге ЖСН қалыптастырудың жаңа қағидаларын әзірледі

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 14:38 Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – тіркеу куәлігінің дубликатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы беру.

Сонымен қатар шетелдіктерге ЖСН қалыптастыру кезінде Ұлттық тізілімдерде деректердің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында "ХҚКО" АЖ мен "Беркут" ЕАЖ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы жүргізілді.

Осыған байланысты шетел азаматтарының төлқұжаттарын аудару қажеттілігі алынып тасталды.

Құжат 10 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: