Ішкі істер министрлігі құжаттарды жою тәртібін бекітті

Паспорт гражданина РК, документы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 16:30 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 қыркүйекте ҚР ІІМ бұйрығымен ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруына ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру және жою қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі құжаттандырылатын адамның тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ мынадай жағдайларда нақты тұратын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен беріледі:

  • паспорт немесе жеке куәлік жоғалған жағдайда;
  • олардың жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты ауыстырылған жағдайда;
  • некеге тұру (не некені бұзу) арқылы тегі өзгергенде;
  • аты-жөні мен әкесінің аты өзгерген кезде.

Құжаттар мынадай жағдайларда беріледі: Ақпараттық жүйеде – "Құжаттандыру және халықты тіркеу" (ҚХТ ТП) тіркеу пункті арқылы азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесінен алынған өзгерістер туралы мәліметтер бар болса; Құжаттардың одан әрі пайдалануға жарамсыздығына байланысты; Оларды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжат нысаны өзгергенде; Қазақстан азаматының паспортын алғаш рет алған кезде; Кәмелетке толмаған балаларға туу туралы куәлік негізінде алғаш рет паспорт немесе жеке куәлік рәсімделген жағдайда.

Қағидаларда, сондай-ақ, құжаттандыру құжатын рәсімдеу кезінде ҚХТ ТП арқылы уәкілетті орган қызметкері Қазақстан азаматтарын – олардың келісімімен, ал шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды – міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуден өткізетіні көрсетілген.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматының паспортына өтініш беру үшін азамат уәкілетті органға жеке өзі келіп, мынадай құжатты тапсыруы тиіс:

  • мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (төлемді екінші деңгейлі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде жүргізуге болады). Егер азамат мемлекеттік баждан босатылған болса және бұл туралы ақпарат ақпараттық жүйеде болмаса, жеңілдікті растайтын құжатты көрсетуі қажет.

Сонымен қатар, табылған жеке басын куәландыратын құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға өткізілуі тиіс. Егер құжат иесі жоғалған құжатты қалпына келтірсе және құжат уәкілетті органға түскен күннен бастап бір жыл ішінде иесі тарапынан талап етілмесе, табылған құжат жойылады.

Қайтыс болған немесе сотпен қайтыс болды деп танылған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары уәкілетті органға тапсырылған соң, төменде көрсетілген тәртіппен жойылады.

Атап айтқанда, жарамсыз құжаттарды жою кезінде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен комиссия құрылады, оның саны мен құрамы полиция басқармасы (бөлімі) бастығы немесе оның орынбасары тарапынан белгіленеді.

Қағидаға мынадай толықтыру енгізілді: Жеке басын куәландыратын құжаттарды жою комиссия тарапынан он күн сайын жүзеге асырылады. Бұл кезде құжатты жою туралы акт жасалады. Актте жойылатын құжаттың нөмірі мен түрі, оның иесі туралы мәліметтер, құжаттың жарамсыз болуының себебі көрсетіледі.

Егер жойылуға жататын құжат иесі тарапынан тапсырылмаған болса, онда актте құжаттың нөмірі, түрі, иесі туралы мәліметтер және жарамсыз болу себебі жазылады, ал ескертпе бөлімінде құжат тапсырылмағаны көрсетіледі.

Акт комиссия мүшелерімен қол қойылып, құжаттарды жою жүзеге асырылатын полиция басқармасы (бөлімі) бастығы немесе оның орынбасары тарапынан бекітіледі.

Аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелерімен жасалған жарамсыз құжаттарды жою актілері он күн сайын ҚР ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталығына" жіберіліп отырады, сол арқылы бұл мәліметтер дерекқорға енгізіледі.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 19 қазаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: