Ақмола облысында жол апатынан 11 жастағы қыз көз жұмып, жеті адам зардап шекті

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 10:53 Фото: primeminister.kz
Ақмола облысының Атбасар ауданында ірі жол апатынан 11 жастағы қыз көз жұмып, жеті адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған екі бала төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен дереу Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының мәліметіне сүйенсек, жол апатынан жарақаттанған екі жасар сәбидің жағдайы әлі де ауыр. Ал тоғыз жастағы екінші бала 25 қыркүйекте травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Зардап шеккен тағы бір бала мен екі көліктің жүргізушісі Атбасарда ем-дом қабылдап жатыр.

"2016 және 2023 жылғы екі ер бала жеткізілді, жағдайы ауыр. 2016 жылғы баланың диагнозы жабық бас жарақаты, миы шайқалған. 2023 жылғы баланың диагнозы – бас жабық жарақаты. Миының шайқалған, жағдайы орташа ауыр. Төменгі жақ сүйегі сынған, тілі жақаттанған. Ем-шаралар жасалынып жатыр".Маржан Махашева, Ақмола облысы балалар ауруханасының дәрігері: 

Айта кетейік, жол апаты 23 қыркүйекте Атбасар-Қима трассасында болған. Volkswagen мен Lada көліктері соқтығысып, қос машинадағы жолаушылар ауыр жарақат алды. Ал Volkswagen жүргізушісінің 11 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмған.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан электровелосипед мінген ер адам көз жұмғанын жазған болатынбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: