Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 16:46 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 26 қыркүйек күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәліметінен белгілі болды.

"Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады". Ақорда

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді.

"Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бұған дейін Президент АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет екенін айтқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: