Көкшетауда өрт кезінде 30-ға жуық адам құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
28 қыркүйекте кешке Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын 4-қабаттағы балконда басталып, кейін жоғарыдағы 5-қабаттың балконына тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жоғарғы қабаттарға су беру үшін өрт сөндірушілер автосатыны қолданды, бұл өртті сырттан тиімді сөндіруге мүмкіндік берді.
"Өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршымен 28 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, араға бірнеше сағат салып қалада тағы бір оқыс оқиға болды. Онда Көкшетаудағы Әуезов көшесінде жеке тұрғын үйдің шатырының жануы орын алды.
Өрт сөндіру қызметінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеген.
Бұған дейін Оралда бес ересек адам мен бір нәресте бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript