Оралда бес ересек адам мен бір нәресте бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен

Құтқару, Орал, жеделсаты, бір топ адам, нәресте, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 10:47 Сурет: видеодан алынды
2025 жылы 28 қыркүйекте түнде Оралда құтқарушылар бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен бір топ адамды, соның ішінде бір нәрестені құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Орал қаласының тұрғыны 112 қызметіне хабарласып, өзінің бір топ адаммен Ақан сері көшесінде орналасқан тұрғын үйдің біріндегі істен шыққан жеделсаты ішінде қалып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына ТЖМ-ның құтқару жасағы дереу аттанды.

Олар арнайы жеделсаты кілтінің көмегімен есікті ашып, 6-шы және 7-қабаттар арасында тұрып қалған кабинаның ішінен 5 ересек адам мен 2025 жылы туылған нәрестені босатты.

Төтенше оқиға сәтті аяқталып, ешкімге медициналық көмек қажет болмағаны да нақтыланады.

Бұған дейін өрттен адамдарды құтқарған астаналық азамат медальмен марапатталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: