Астанада бизнес орталықтардың бірінің жедел сатысында төрт адам қамаулы қалып кеткен
Сурет: pixabay
28 тамызда елордалық құтқарушылар жедел саты ішінде қалып кеткен адамдарға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ-ның хабарлауынша, Астана қаласының Алматы ауданындағы бизнес орталықтардың біріндегі жедел сатыда төрт адам қамалып қалған.
"Оқиға орнына келген құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен жедел саты есігін ашып, олардың сыртқа шығуына көмектесті. Жедел саты ішінде қалып кеткендер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript