Астанада бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен 11 адам құтқарылды

Жеделсаты, Астана, бұзылу, құтқару, адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2026 14:47 Сурет: pxhere
Елордалық құтқарушылар жеделсаты ішінде қалып кеткен адамдарға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өткен түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 11 адам, оның ішінде бес бала бұзылған жеделсаты ішінде қамалып қалған.

"Жеделсаты 3-қабатттан төмен қарай жылжып, екінші және бірінші қабат аралығында тоқтап қалған", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Шақырту орнына келген құтқарушылар жеделсаты есігін ашып, адамдарға сыртқа шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ жеделсаты бұзылып, іште қалып кеткен жағдайда келесі шараларды қабылдауға кеңес береді:

  • алаңдамаңыз және қасындағы адамдарды да тыныштандырыңыз;
  • диспетчерге хабарласыңыз;
  • барлық түймені қатарынан баспаңыз;
  • жеделсаты есіктерін өз бетіңізбен ашуға тырыспаңыз;
  • барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

Бұған дейін өткен тәулікте, 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 210 шақырту бойынша оқиға орнында болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: