Астанада үш ересек адам мен бір нәресте лифт ішінде қалып қойды

Астанада үш ересек адам мен бір нәресте лифт ішінде қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 15:08 Сурет: pixabay
Астаналық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 9 мамырда Нұра ауданында Тұран даңғылында орналасқан сауда үйлердің бірінде үш ересек адам мен бір нәресте лифт ішінде тұрып қалды. 

Шақыру орнына жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ лифтіде тұрып қалғанда келесі ережелерді ұстану керек екенін ескертті:

  • өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
  • диспетчерге хабарласыңыз;
  • барлық түймені қатарынан баспаңыз;
  • лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
  • барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: