Алатау қаласының прокуратурасы заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекетке қайтарды

Алатау, город Алатау, виды города Алатау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 09:02 Фото: Zakon.kz
Алатау қаласы құрылған сәттен бастап прокуратура жер ресурстарын қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Жер учаскелерінің координаттарымен жасалған манипуляциялар анықталды. Кейбір учаскелер заңсыз түрде Қараой ауылдық округінен Байсерке ауылдық округіне орын ауыстырған.

Прокурордың талап-арыздары бойынша олар мемлекет қорына қайтарылды. Жалпы ауданы 66,5 га, кадастрлық құны 1,8 млрд теңге құрайды.

Осыған ұқсас тағы бір іс сотта қаралуда, оның ауданы 3,4 га, кадастрлық құны 96,9 млн теңге.

Сонымен қатар прокуратура жалпы ауданы 236 га, кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 21 жер учаскесін анықтады. Бұл учаскелер заңсыз берілген, ал бір бөлігі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Қазіргі уақытта оларды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сотқа талап-арыздар жолданды.

Жер заңнамасын қолдану саласындағы жұмыс Алатау қаласының прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: