СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылды

Дрон, СҚО, Тайынша ауданы, қамыс, шопан, дрон, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 09:54 Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Қозашар ауылының маңында 1993 жылғы ер адам жылқысымен қалың қамыс арасында қалып кетіп, өздігінен ашық алаңға шыға алмаған. Қиындыққа тап болған оған құтқарушылар көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар жоғары технологиялы ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, адам аяғы жетуі қиын жерлерді зерттеді. Көп ұзамай олар шопан мен оның жылқысын көл жағасынан екі шақырым жерден байқады.


"Абырой болғанда, шопан зардап шекпеген. Ол жылқысымен бірге қауіпсіз жерге шығарылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазәуеқұтқару" тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге медициналық көмек аса қажет 2017 жылы туған баланы Атбасар қаласынан облыс орталығы – Көкшетауға шұғыл жеткізгені хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: