Жамбыл облысында құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыға көмектесті

Бүгін Жамбыл облысы, Әулиекөл көлінде аңшыны қайығымен екпінді жел қамыс арасына алып кетіп, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар арнайы сүңгуірлік киімдерін киіп, көлдің ортасында қалып қойған 1959 ж.т. азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолдары жансызданған, себебі желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетіп, көлде толқын биіктігі 1-1,5 метрге дейін көтерілген.
ТЖМ ауа райының қолайсыз кезеңдерінде мүмкіндігінше қандай да бір сапарлар мен саяхаттарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript