Ақмола облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 150 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылған

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 09:43 Фото: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "НИКС Инжиниринг Групп ИВ" ЖШС арасында 500 миллион теңгеден астам сомаға құрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалған.

Алайда мердігер ұйым құрылыс бөлімінің басшысының көмегімен үш жыл бойы іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны негізсіз ұлғайтылған жалған қабылдау актілерін рәсімдеген.

Нәтижесінде мемлекетке 152 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 100 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. Мердігерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: