Көкшетауда "S-Group" қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты тергеу аяқталды

Мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 10:11 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласында әрекет еткен "S-Group" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар азаматтарға "S-Pharmaceutical" және өзге де жобалар арқылы медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция салу мүмкіндігін ұсынған. Олар салымшыларды тарту кезінде жоғары табыс пен тұрақты пайда уәде еткен. Әрбір жаңа қатысушыны шақырған адамға оның салымының 5 пайызы мөлшерінде сыйақы төленетіні айтылған.

Қатысушылар жобаға арнайы сайт арқылы тіркеліп, кемінде 100 АҚШ долларынан бастап салым енгізуге міндеттелген.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілердің бірі бұған дейін белгілі "Life Is Good" және "Finiko" қаржы пирамидаларына қатысып, табыс тапқан. Кейін осы тәжірибесін пайдаланып, ұқсас схема бойынша өз жобасын іске қосқан.

"S-Group" қаржы пирамидасының қызметіне 59 азамат тартылып, олар жалпы сомасы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған.

Жиналған ақшаның бір бөлігіне күдіктілер елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

ҚМА мәліметінше, үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Агенттік өкілдері атап өткендей, мұндай қаржы пирамидалары азаматтардың сенімін пайдаланып, жалған инвестициялық жобалар арқылы табыс уәде етеді, алайда олардың қызметі ешқандай нақты экономикалық негізге ие емес.

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарды кез келген инвестициялық ұсынысқа мұқият қарап, қаржы ұйымының заңды мәртебесін және лицензиясын тексеруге шақырды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: