Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 200 адамды 700 миллион теңгеге алдап кетті
Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің 2023 жылғы 17 қарашада мәлімдеуінше, ведомство 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында Chia Tai Tianging қаржы пирамидасының қаладағы филиалын Шымкент қаласының тұрғыны басқарғанын анықтады.
Агенттіктің мәліметінше, күдікті қаржылық пирамидаға 200-ден астам салымшы тартқан, олар пирамидаға 700 млн теңге қаржы құйған. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript