Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасы қазақстандықтарды 490 миллион теңгеге алдап кетті
Сурет: freepik
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті БҚО, Ақтөбе және Атырау облысы бойынша Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі аяқтап, сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспаз қызметінің 2023 жылғы 1 қараша күнгі мәліметінше, Chia Tai Tianging Pharmaceutical жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.
"Олар өзін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомство халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript