52 миллион теңге залал және мүлікке тыйым салу: АФМ Sincere Systems Group бойынша тергеуді аяқтады

Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу, АФМ РК, Агентство по финансовому мониторингу, финансовый мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 10:52 Фото: АФМ РК
Қарағанды облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Sincere Systems Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 6 тамызда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

"Қылмыстық іс сотқа жолданды".

ҚМА мәліметінше, шетелдік инвестициялық компания ретінде жұмыс істеген қаржылық схема азаматтарға жоғары табысты жобаларға инвестиция салуды ұсынған. Олардың қатарында — медициналық каннабис өсіру және сату, сондай-ақ өзге де "инновациялық" бағыттар болған.

Алаяқтық схеманы шынайы әрі заңды етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар сайт әзірленген. Қолданушылар ішкі SWP және SWCT токендеріне айырбастау арқылы фиаттық ақша енгізе алған. Алайда салымшылардың қаражаты күдіктілер тарапынан жеке мақсатта пайдаланылған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 52 миллион теңгеден асты.

Сот санкциясымен Астана мен Теміртаудағы күдіктілерге тиесілі жалпы құны 76 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.

"Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шаралары ретінде үйқамақ және елден шықпау туралы қолхат қолданылды", – делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, Sincere Systems Group қаржы пирамидасының құрылымын басқару дерегі бойынша тергеу жүріп жатқаны туралы 2025 жылғы 26 мамырда белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: