Автотұрағы, кемпингі және жер учаскесі бар пәтер: "Sincere Systems Group" компаниясына салынған 52 млн қайда

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 16:29 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

"Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған." Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі

Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар ішкі SWP және SWCT токендері арқылы есепшоттарын толықтырып, фиаттық ақшаға айырбастай алған.

"Күдіктілер түскен қаржыны жеке мақсаттарына пайдаланған. Келтірілген жалпы шығын 52 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды." Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі

Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдары танысу үшін берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: