Ақмола облысында жеке тұрғын үй жанында автокөлік өртеніп кетті
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 7 қазанға қараған түні Ақмола облысы Есіл қаласында 6 шаршы метр аумақта жеңіл автокөлік қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын тез арада жойылып, таралуына жол берілмеді.
"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – деп атап өтті құтқарушылар.
Бұған дейін Ақмола облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 150 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript