Шымкентте әйел автобус астына түсіп, көз жұмды

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 10:08 Фото: Zakon.kz
Шымкентте Жібек жолы көшесінде жаяу жүргінші әйел қоғамдық көліктің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Отырар" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, марқұм белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған.

"Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды",- делінген ақпаратта.

Шымкент ПД баспасөз қызметі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Абай облысында аударылған жүк көлігі жүргізушісінің жүрек талмасы ұстағаны белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: