Павлодарда мас әйел көліктің астына түсе жаздады
Сурет: polisia.kz
Павлодардағы Естай көшесінде әйел жол бойымен жүріп келе жатып, көліктің астына өзі түскен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол полицияға танысының үйінде аздап ішкенін және көшеде көктайғақ болғандықтан оған жүру қиын екенін түсіндірген.
"Полицияның патрульдік инспекторлары әйелді жаяу үйге аман-есен жеткізді". Павлодар полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков
Сонымен бірге полицейлер кафелердің бірінің жанында мас адам тұрып, өтіп бара жатқан адамдарға тиіскенін анықтады. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары мас адамды қалалық уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді.
Өткен тәулікте облыс орталығында полицейлер уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 87 адамды орналастырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript