Павлодарда иттің кесірінен теледидар көре алмаған тұрғын полицейлерді шақырды
Сурет: pixabay
Павлодардағы тұрғын үйдің бірінде көршінің итіне шағымданған тұрғын "102" нөміріне хабарласқан, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Көршілер жұмысқа кеткен сайын олардың иттері үреді. Мен үйде кішкентай баламен отырамын. Иттің үргенінен күні бойы шаршаймын. Тіпті, бөлмемдегі қосулы тұрған теледидардың дыбысын естімеймін. Көршілерге қанша рет өтініш білдірдім, алайда мәселе шешілмей жатыр", - дейді әйел.
Полицейлер иттің иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.
"Иттің үргенін қатты музыка сияқты өшіріп тастауға болмайды. Біз үйде болған кезде бәрі тыныш болады", - деді иттің иесі.
Айта кетейік, заң бойынша, сағат 22:00-ден кейін полицейлерге иттің қатты үрейіне қатысты шағымданса, жануардың иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша жауапқа тартылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript