Павлодарда баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды

Павлодар, балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 17:30 Сурет: видео скрині
Павлодардағы балабақшалардың бірінде баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды, ал мекеме басшысына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео тарады. Видеодан тәрбиешінің баланы шапалақпен ұрып, оның бетіне көрпе жапқанын көруге болады. 

Павлодар білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады. 

"Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады білім беру бөлімі.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: