Павлодарда биіктен секірмек болған әйел төтеншеліктерді аяғынан тік тұрғызды

Әйел, суицид, Павлодар, секіру, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 15:54 Сурет: unsplash
Бүгін, 25 қазанда 112 пультіне Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде орналасқан үйлердің бірінде үшінші қабаттың терезесінен секірмек болған әйел туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы жабдықты пневмо-секіру құрылғысын жедел орналастырды, осы уақытта басқа қызметкерлер төртінші қабатқа жедел көтерілді.

"Альпинистік жабдықтың көмегімен құтқарушылардың бірі үшінші қабатқа түсіп, құлаудың алдын алды. Азаматша дәрігерлерге тапсырылды. Құтқарушылардың жылдам және кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдай алдын алынды", делінген хабарламада.

Бұған дейін 22 қазанда кешке Алматыда Мақатаев көшесінде арнайы техника қаптап кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: