Павлодарда құрылыс алаңында төтенше жағдай орын алды. Үйінді астында адамның қалып кетуі мүмкін

Құрылыс, Павлодар, бетон, плита, құлау, үйінді, адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2025 20:57 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Павлодар облысының 112 байланыс желісіне қаладағы Казахстанская правда көшесінде салынып жатқан ғимараттың құрылыс алаңында бетон плита құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйіндінің астында 58 жастағы ер адамның қалып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апатты-құтқару жұмысына жылуды анықтаушы құрылғы орнатылған ұшақсыз ұшу аппараты қолданылғаны белгілі.

"Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамының 20-ға жуық қызметкері мен алты техникасы тартылды", - деді департаменттен.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, құтқарушылар үйінділерге барлау және талдау жұмыстарын жүргізуде.

Мектептің құрылыс конструкцияларының құлау фактісі бойынша полиция "Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: