Алматыда кешқұрым уақытта Мақатаев көшесінде арнайы техника қаптап кетті

Арнайы техника, Алматы, өрт сөндірушілер, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 21:25 Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 22 қазанда кешкі сағат 21-00 шамасында Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің оқиға орнына жоғары дабыл белгісімен аттанғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оқпанмен жұмыс істейтін 4 жауынгерлік звено ұйымдастырылды. Олар ғимарат шатыры аумағында өрт сөндіруде. Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері де оқиға орнында. Жағдай бақылауда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Арнайы техника, Алматы, өрт сөндірушілер, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 21:25

Сурет: Zakon.kz

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Сол маңдағы тілшіміз оқиға орыны оқшауланып, қоршалғанын хабарлайды. Ашық от байқалмайды. Әр жерге қойылған полиция қызметкерлері оқиға орнына адамдарды өткізбеуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: