Алматыдағы әкімшілік ғимарат өртіне қатысты тың мәлімет жарияланды
Сурет: Zakon.kz
22 қазанда Алмалы ауданындағы Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранып, оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен аттанған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ ұсынған соңғы мәліметке сәйкес, қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты қамтыған. Қазір өрт сөндірілді.
"Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған ақпарат бойынша әкімшілік ғимарат қойма ретінде пайдаланылған", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда кешқұрым уақытта Мақатаев көшесінде арнайы техника қаптап кеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript