Қызылордада полицейлер заңсыз айналымнан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіледі

Биыл Қызылордада есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл басқармасы 237 құқық бұзушылықты анықтады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 11:05 Сурет: ҚР ІІМ
Биыл Қызылордада есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл басқармасы 237 құқық бұзушылықты анықтады.

Оның 66 дерегі – есірткі өсіру, 22-сі – есірткі өткізу, бесеуі есірткі жарнамалау, біреуі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау және біреуі есірткіні тұтынуға көндіру қылмыстары болса, 142-сі– теріс қылық боп тіркелген.

Заңсыз айналымнан 1,5 тонна есірткі заттары алынды. Оның ішінде 188 келіден астам марихуана, 437 грамм гашиш, 1, 3 тонна сора өсімдігі, 9 келі көкнәр өсімдігі және екі келіден астам синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Үй жағдайында сора өсімдігін өсіруге арналған 5 фитозертхана анықталды. Облыс орталығында полицейлер кешенді күштерімен күнделікті нарядтар қойды.

Көпқабатты үй аулаларын, гараждар мен құрылыс аумақтарын тексеру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы шолу жұмыстары жүріп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде есірткі жарнамалайтын граффити жазбалар боялды. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт бұғатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: