Қостанай облысында полицейлер шамамен 6 келі марихуана тәркіледі

Рудный қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 11:53 Сурет: ҚР ІІМ
Рудный қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту барысында оның ауласынан және гаражынан өсімдік тектес зат салынған қап пен ыдыс табылды. Сараптама оның марихуана екенін растады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның өзі де каннабиноидтарды қолданғаны анықталды.

Оған аса ірі көлемде есірткі затын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасуда. Полиция еске салады: есірткі заттарын сақтау және сату ауыр қылмысқа жатады.

Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: