"Су шашуға болмайды". Алматыда электромобиль отқа оранды
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлер Алматыда тұрғын үй кешені жанында Zeekr маркалы электр көлігі өртеніп кеткенін айтты. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне жүгінді. Сағат 17:18-де өрт сөндіру тобы осы сипаттағы шақырту бойынша Бостандық ауданына аттанғаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін Zeekr маркалы электромобильдің түтіндегенін анықтады.
"ТЖД қызметкерлері аккумулятор бөлігін салқындату және өрттің алдын алу үшін оқпандарды дереу іске қосты. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Сурет: Zakon.kz
Оқиғаға не түрткі болғаны әлі белгісіз. Екі бағытта да Масанчи мен Сейфуллин көшелерінің арасында Сәтбаев көшесіндегі қозғалыс толығымен шектелді.
"Электромобильдерге деген қызығушылықтың артуымен қатар олардың өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселеге назар аударушылар қатары көбейген: Алматыда 200-ден астам электр зарядтау станциялары бар, алайда экологиялықпен қатар бұл арада өрт қаупі де бар. Электромобильдерде қолданылатын литий-ионды батареялар "қыздыру үдеткішінің" көзі болып табылады, бұл процесс барысында батарея жылу шығарады, ол оның тұтануы немесе тіпті, жарылу қаупін тудыруы мүмкін. Өрт сөндірілгеннен кейін де электромобильді ұзақ салқындату қажет. Өйткені көзге көрінбейтін тұтану ошақтары болуы мүмкін", деп атап өтті департаменттегілер.

Сурет: Zakon.kz
Электромобильдердің аккумуляторлық батареяларының жану процесінде сутегі фториді сияқты улы газдар тарап, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Атап айтқанда, ол тыныс алу жолдарына зиян әрі ауаны да ластайды.

Сурет: Zakon.kz
"Электромобильдер дұрыс жұмыс істеп тұрса қауіпсіз, бірақ қауіп-қатер болғандықтан, күтімді аса қажет етеді", – деп ескертеді төтеншеліктер.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript