Алматыда жеке секторда екі үй отқа оранды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 23 шілдеде түстен кейін Алматының жеке секторында алапат өрт болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Өзге де мәліметтерді Zakon.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен сұрап, білді.
Өрт сөндірушілер сағат 15:20-да Түрксіб ауданының Стальский мекенжайына шақырумен жоғары дабыл дәрежесі бойынша аяғынан тік тұрғызылып, жіберілді.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына шұғыл жеткен олар шаруашылық нысаннан шыққан өрттің жеке тұрғын үйге және жалпы алаңы 200 шаршы метр болатын көршінің сарайына қарай ұласқанын анықтады.
"Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ". Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызмет

Сурет: Zakon.kz
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәттен бастап қызыл жалын жарты сағат шамасында, сағат 15:48-де оқшауланды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 32 қызметкер, 8 бірлік техника жұмылдырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript