Ата-анасы асырап алған қызын 27 жыл қамауда ұстаған

Сексуализированное рабство, эксплуатация людей, похищение людей, рабство, принудительный труд, торговля людьми , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 09:03 Фото: freepik
Польшада ерлі-зайыптылар өздерінің асырап алған қызын 27 жыл бойы үйінде қамауда ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Свентохловице қаласында болған. 42 жастағы Мирелла есімді әйел 15 жасынан бері үйден шығарылмаған. Полиция оны кездейсоқ тапқан: көршілер үйден шыққан айқайды естіп, тәртіп сақшыларын шақырған.

Полицейлер келген кезде әйелдің жағдайы өте ауыр болған — ол медициналық көмек алмаған, дәретхана мен балконға да шықпаған, тіпті сыртқа да мүлде шықпаған. Тәртіп сақшылары келген сәтте Мирелла өздігінен жүре алмайтын күйде болған.

Құтқарушылар мен еріктілер оған көмек көрсету үшін қаржы жинап, дәрігерлер екі ай бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқан.

Белгілі болғандай, қыз бұл қарт жұптың асырандысы болған. 15 жасында олар көршілеріне "қызымыз жоғалып кетті, мүмкін, биологиялық ата-анасына кеткен шығар" деп айтқан.

Бұл оқиға Польшаны дүр сілкіндіріп, әлеуметтік қызметтердің әрекетсіздігіне қатысты үлкен сұрақтар туғызды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: