Қонаевта ер адам құтқарушылар мен полицейлердің көз алдында көпірден суға секіріп кетті

Қонаев, Қапшағай су қоймасы, Суға секіріп өзін-өзі өлтірмек болды, ТЖМ қызметкерлері , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 09:55 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 16 қазанға қараған түні "112" желісіне Алматы – Өскемен автожолында, Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жеткен.

"Олар азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кетті. Құтқарушылар қайықпен суға түсіп, азаматты дер кезінде құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, құтқарушылар ер адамды артынша жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Бұған дейін Ақмола облысында ТЖМ авиациясы шұғыл көкке көтерілгенін жазғанбыз. Онда ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе экипажы санитарлық авиация желісі бойынша Көкшетау – Атбасар – Көкшетау бағытымен екі шұғыл рейс жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: