Асхат Жұмағали Бас Прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды
Сурет: gov.kz
Бұл ақпаратты 2025 жылдың 18 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ақпаратта.
Асхат Жұмағали - 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
II дәрежелі "Айбын" орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Еңбек жолы:
2001-2010 жылдары – Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас Прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы;
2014-2016 жылдары – ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі;
2016-2018 жылдары – ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;
2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;
2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.
2023 жылғы сәуірден 2025 жылғы шілдеге дейін Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы болды.
2025 жылғы 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Жарлықта көрсетілгендей, агенттік Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылып қайта құрылды.