Оқушының мұғалімге шабуылы: Өңірлік омбудсмен бейнебақылау камерасынан алынған кадрмен бөлісті

Бала омбудсмені, Павлодар, оқушы, мұғалім, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 18:42 Сурет: Instagram/rupr.pvlshakeneva
Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева 22 қазанда мектептердің бірінде оқушы мен мұғалім арасындағы кикілжің оқиғаға қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік балалар омбудсмені жасөспіріммен сөйлескенін, қасында әкесі болғанын айтты.

"Ол кезде мен болған жағдайдан хабардар едім, мектеп әкімшілігі мен полиция тыңғылықты ақпарат ұсынды. Ал бұл реттегі міндетім жасөспірімнің пікірін білу болды", – деген Сәуле Шәкенева төменде оның сөзін сол қалпында келтірді:

"16 қазанда дәлізде тұрғанмын, сол күні сағат 16.00-де күзгі бал болуы тиіс-тұғын. Мен досыммен "Бейблейд" үстел ойынын ойнап жатқанмын. Ойынға ынта-шынтамызбен кіріскеніміз соншалық, біз артымыздан келіп қалған сынып жетекшісін байқамай да қалыппыз. Ол "аренаны" қолынан алып, күзгі балға дайындық жүріп жатқан залға қарай кетті. Біз түк түсінбей, оның артынан таңданыспен қарап қалдық. Мен еденде шашылып жатқан заттарды жинап, оларды орындыққа қойдым. Менің қолымда "запускатель", яғни пластикалық ойын заты болды. Осы кезде мұғалім маған тағы да жақындап келіп, енді оны да тартып алмақшы болды. Оны бергім келмеді, сондықтан оның бір қолын артынан келіп ұстап алдым, онда да манағы затты өзіме кері тартып алуға тырыстым, содан кейін ол өз қолын түсірді, мен де оның қолын жібердім. Бар болғаны осы. Одан кейін ол кетіп қалды. Мұның бәрі басқа оқушылардың көз алдында болды. Ешкім арамызға түскен жоқ. Мен ешқандай агрессия көрсетпедім. Ешкімге шабуыл жасаған жоқпын".

Әкесімен бірге жасөспірімнің сөзін тыңдағаннан кейін видео таспаны көру үшін мектеп әкімшілігіне өтініш жаздық.

"Біз тоғызыншы сынып оқушысының осы айтқандарын растау немесе жоққа шығару үшін видеотаспаны ақтарып көру туралы шешім қабылдадық. Ал бүгін оны бәрі көрді! Әрине, әркім өз қорытындысын шығара берсе болады...", - деді өңірлік омбудсмен.

Сондай-ақ ол "Бейблейд" үстел ойынын оқушы өзіне берілген сыйақша - 40 мың теңгеден астам сомаға сатып алғанын да жеткізді. Болған оқиғадан қанық әкесі ашумен оны қоқысқа тастай салыпты.


19 қазанда оқушы Павлодарда күзгі бал кезінде әйел мұғалімді мойнынан қысып ұстап, біраз уақыттан соң жібере салған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: