Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасының президентіне құттықтау хат жолдады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 28 қазанда Ақорда таратқан мәліметтен белгілі болды.
Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі".Ақорда
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript